00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Таза Қазақстан: Елордада мәслихат депутаттары мен «Жасыл ел» жауынгерлері экоакцияны қолдады

Таза Қазақстан: Елордада мәслихат депуттаттары мен «Жасыл ел»  жауынгерлері экоакцияны қолдады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясында қалалық бірқатар мәслихат депутаты мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары Президент саябағында тазалық жұмысын жүргізді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы бастамасымен өткен экожиынға 50-ге жуық «Жасыл ел» жауынгерлері қатысты. Олар мәслихат депутаттарымен бірге жасыл желектерді суарды. 

«Бүгінгі іс-шара «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясында өтіп жатыр. Экоакцияны қалалық мәслихат депутаттары мен  «Жасыл ел» ХХ маусымының50-ге жуық жауынгері қолдап отыр. Жалпы бұд әр маусым сайын атқарылып келе жатқан жұмыс деп айтуға болады.  «Жасыл ел» жобасы аясында елордада биыл 14-35 жас аралығындағы 4200-ден астам жастар жұмыспен қамтылып отыр»,- дейді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев.

Тазалық жұмысы барысында мәслихат депуттары жастармен  жоба туралы және экология тақырыбында сөйлесті.

«Жасыл ел> жобасы бойынша Еңбек кодексіне сәйкес балалар аптасына 5 рет күніне 4 сағаттан қаладағы тазалық жұмысына қатысады. Бұл жерде 14-35 жас аралығында жастар жұмыс істейді. Олар мектеп ауласынан бөлек қала маңындағы саябақтар мен гүлзарларда тазалау, ағаш отырғызу және суару жұмыстарына қатысады. Еңбекпен қамтылған жастар тек бір ай ғана жұмыс істейді. Балаларды іріктеу кезіңде олардың әлеуметтік жағдайы, яғни көпбалалы отбасыдан шыққан және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына басымдық беріледі»,-дейді Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Ерлан Айдар.

Елордалық 8-ші сынып оқушысы Дария Сыздықованың сөзінше, жоба жазғы демалысты пайдалы өткізуге мүмкіндік береді.

«Мен №68-ші мектеп гимназиясында оқимын. «Жасыл ел» жобасына алғаш рет қатысып тұрмын. Біз күніне 4 сағат абаттандыру және тазалық жұмысын жасаймыз. Жазғы демалысты тиімді өткізіп жатырмыз деп ойлаймын. Келесі жылы да еңбек жасағы қатарында болу ойда бар»,- дейді елордалық оқушы.

Айта кетейік, елордада «Жасыл ел» жобасы тамыз айының соңына дейін жалғасады.

Все новости