00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Танымал карусельдері бар жаңа ойын-сауық саябағы ашылды

06.07.2023 | 17:00
157

Астанада үш жастан асқан балаларға арналған жаңа ойын-сауық саябағының ашылуына орай концерт өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Ойын-сауық аймағы «Айланд» отбасылық демалыс орталығының жанында орналасқан.

каруселька 2.jpg

Жаңа саябақта келушілер аттар мен бампер машиналары бар танымал карусельдерге міне алады. Сонымен қатар, балаларға арналған судағы жаттығуларды тамашалуға да болады.

Саябақта «Сегізаяқты пері» жасыл алаңы орналасқан. Сондай-ақ демалушылар үшін тамақтанатын жайлы орындар да қамтылған.   

Карусель саябағы күн сайын сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жаз маусымының соңына дейін жұмыс істейді.

каруселька.jpg

Жаңа ойын-сауық алаңы енді 25 жасқа толып отырған жас және гүлденген қаламыздың бір бөлігіне айналады. Барша елорда тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтап, саябақтың ашылуына орай ұйымдастырылған концертті тамашалап мереке күндерін көңілді өткізулеріңізге тілектеспін, - деді құттықтау сөзінде Нұра ауданы әкімінің орынбасары Сәрсенғали Ақжолов.

6 zamakim_95d2282ab1.jpg

Саябақтың алғашқы келушілері үшін балалар музыкалық ансамбльдері өнер көрсетті. Ал шығармашылық студиялар қонақтар үшін интерактивті ойындар ұйымдастырды. Демалыс орнының ашылуына және қала күніне арналған концерттік бағдарламалар кешкісін болатын би кешіне ұласады. 

Дана АМАНГЕЛДІ

Все новости