00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Elorda Aqparat» ЖШС журналистері БАҚ байқауының жүлдегерлері атанды

«Elorda.aqparat» ЖШС журналистері БАҚ байқауының жүлдегерлері атанды
Фото: Elorda.info

Елордада Астана күніне арналған БАҚ өкілдері арасындағы республикалық байқаудың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Салтанатты марапаттау рәсіміне еліміздің белгілі журналистері мен танымал тұлғалары қатысты. Қала әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған байқауға 80-ке жуық өтініш түскен.

Бүгін 8 номинация бойынша жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

«Вечерняя Астана» газетінің шеф-редакторы Айгүл Бейсембинова «Астана қаласы мәслихаты жайлы үздік материал» номинациясын жеңіп алды, ал «Elorda.info» сайтының журналисі Зарина Кеңесова Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы интернет-басылымдардағы материалдар бойынша «Үздік шолушы» номинациясы бойынша жүлдегерлердің бірі атанды.

Байқауға қатысуға барлық қазақстандық БАҚ өкілдері шақырылды.

Номинациялар бойынша жеңімпаздарды елордадағы белгілі журналистерден, медиа-сарапшылардан және осы саланың құрметті өкілдерінен тұратын конкурстық комиссия анықтады.

Все новости