00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Тұтынушылар не нәрсеге жиі шағымданды?

30.10.2023 | 11:30
143
Фото: © В городе N

Астана қаласы коммуникациялар қызметінде баспасөз-конференциясы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Онда ішкі нарықтағы өнім сапасын қадағалау тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы басым бағыттардың бірі екені айтылды. 

Астана қаласы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрғали Егембердиевтің айтуынша, еліміздің 10 мың респондентіне жүргізілген әлеуметтік сауалнамада тұрғындардың 31% - ы жарамдылық мерзімі мен азық-түлікті сақтау нормаларын сақтамауға тап болған. 24%-ы тауарлардың сапасына наразы екенін айтты. Ал 19,2%-ы заң бойынша талап етілетін азық-түлік туралы ақпараттың жоқтығына шағымданған.

Жүргізілген сауалнамадан көріп отырғанымыздай, негізінен, ел тұрғындарының өнім сапасы, оның ішінде азық-түліктің жарамдылық мерзімі мен сақтау нормалары бойынша сұрақтары туындайды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімділігі мемлекеттік органдардың қызметіне ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың үкіметтік емес институттарына да байланысты екенін атап өткен жөн. Олар қазіргі мораторий жағдайында отандық нарықта сапасыз импорттық тауарлардың үстемдігінен "басты қорғаушы" болып табылады. Біздің үкіметтік емес ұйымдарымыздың белсенді қатысуынсыз біз өз азаматтарымызды тиімді қорғауға қол жеткізе алмас едік. Қоғамдық бірлестіктердің қызметін осы жұмысқа неғұрлым тиімді интеграциялау үшін ҚР сауда және интеграция министрлігі осы жылдың көктемінде ахуалдық штаб құрды. Оның құрамына бейінді мемлекеттік органдар, адал бизнес субъектілері және, әрине, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері кіреді, - деді Нұрғали Егембердиев.

Оның айтуынша, ахуалдық штабта өнімнің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, мәлімделген сипаттамалар мен құрамға, сондай-ақ таңбалау талаптарына сәйкес келмеуі сияқты бұзушылықтар туралы айтылады. 

Все новости