00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

ШҚО және СҚО елордада ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізеді

13.10.2023 | 03:00
127
Фото: Elorda Aqparat

Астанада демалыс күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Оған Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының шаруалары қатысады.

14 және 15 қазанда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайында орналасқан Өнер университеті ғимаратының алаңында ШҚО және СҚО ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Шығыс Қазақстан облысының атынан 9 аудан, Солтүстік Қазақстан облысынан 13 аудан мен Петропавл қаласы қатысады.

ШҚО шаруалары мен қайта өңдеу кәсіпорындары Астана тұрғындарына жоғары және табиғи сапалы таза өнімдерін ұсынады. Өнім ассортименті 40-тан астам атауды құрайды. Оның ішінде: 49,2 тонна бал, 2 тонна шұжық өнімдері, 8 тонна сүт өнімдері, 16 тонна өсімдік майы, 3 тонна ұн мен жарма, 9 тонна балық, 29,8 тонна жануарлар мен құстардың еті, 4 тонна қымыз және ұлттық бұйымдар, 700 литр алкогольсіз сусындар және басқалар.

ШҚО тауар өндірушілері Астанаға 244,5 млн теңге сомасына 123,2 тонна өнім тасымалдайды.

СҚО аграршылары елорда қонақтары мен тұрғындарына мынадай өнімдер ұсынады: 100 тонна ет, 495 тонна картоп пен көкөніс, 33 тонна сүт өнімдері, 120 мың дана жұмыртқа, 5 тонна балық, 10,5 тонна бал, 7 тонна шұжық өнімдері, 75 тонна ұн мен макарон өнімдері, 12 тонна басқа да өнімдер.

Өнімнің жалпы көлемі 733 тоннадан асады.

Жәрмеңкедегі бағалар әдеттегіден арзан болады.

Все новости