00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады

13.11.2023 | 14:00
82
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Тимур Сүлейменов:

-Ұлттық банктің биылғы қаңтар-қазан айларында жүзеге асырған ақша-кредит саясатының нәтижелері жөнінде  есеп берді;

-Қазақстан экономикасының жағдайы, инфляцияны төмендету шаралары, сондай-ақ алтын-валюта қорының, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы баяндады;

-цифрлық теңгені іске қосуға дайындық жұмыстарының барысы және цифрлық қаржылық инфрақұрылымды дамыту жоспары жайында мәлімет берді;

-экономиканы кредиттеу ісін ынталандыру үшін тиісті шаралар әзірлеуге қатысты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берді;

-ұлттық валютамыз – теңгенің 30 жылдығын атап өтуге дайындық жұмыстары жөнінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Все новости