00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңі жеңімпаздары анықталды

04.07.2023 | 19:00
119
Фото: Elorda.info

Елімізде отбасы құндылығын дәріптеуге, жанұя институтын нығайтуға негізделген «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы 10 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл Астана қаласының 25 жылдығымен тұспа-тұс келген байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау 10 шілде күні Есілдің жағасындағы «Амфитеатрда» өтпек. Ал осы елорданың сәнді салтанатты сахнасында кімдерді көреміз? Оны «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық конкурсының  қалалық кезеңінің лауреаттарын анықтау жөніндегі комиссия айқындамақ, деп хабарлады Elorda.info.

засееееед.jpg

Бүгін дәл осы мақсатпен аталған комиссия Астана қаласы әкімдігінде қала әкімі орынбасары Есет Байкеннің төрағалығымен отырыс өткізді. 

-Комиссияның мақсаты – осындай үлкен шараға қатысушылардың арасынан ең мықты, ең лайықтыларын таңдап алу. Әрине, байқауға қатысуға тілек білдірген отбасылардың барлығы да жеңімпаз болуға лайықты. Дегенмен конкурстың критерийлері бар. Сондықтан отырыс барысында жанұялар туралы мәліметті талдап, талқылап, ортақ мәмілеге келіп, әділ шешімін шығаруымыз керек, - деді Астана қаласы әкімі орынбасары Есет Байкен. 

засед.jpg

Ал қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов аталған байқауға дайындық 1 мамырдан басталып кеткенін айтты. Яғни, анонстық бейнероликтер арқылы көпшілік байқау туралы хабардар бола бастады. Ал 15 мамырдан бастап әкімдіктің ресми сайтында өтінімдер қабылданып, бұл 1 шілдеге дейін жалғасын тапты. 

-«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы ақпарат  республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланып, ауқымды көпті  қамтыды. Нәтижесінде биыл қала бойынша байқауға 210 өтінім түсті. Ал 2022 жылы 151, 2021 жылы 120, 2019 жылы 63, 2018 жылы 51 өтінім түскен болатын. Бұл - соңғы 5 жылмен салыстырғанда рекодтық көрсеткіш, - деді қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов. 

засееед.jpg

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бірінші орынды иеленген отбасыға 1 млн теңге, екінші орынды иеленген екі отбасыға 700 мың теңгеден, ал үшінші орын иегерлеріне 500 мың теңге жүлде тағайындалған. Сондай-ақ одан бөлек 10 шақты номинация бойынша жүлделер тағайындалған. 

Құрамында қоғам қайраткерлері, қоғамдық ұйымдар мен  қор өкілдері бар комиссия мүшелері әуелі байқау үміткерлері туралы мәліметпен бір-бірден танысып, осы отбасылар дайындаған бейнероликтерді бағамдады.  Байқау жеңімпаздарының есімі 10 шілде күні болатын салтанатты марапаттау кезінде  аталмақ.  

Все новости