00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Мектеп бітіру кештері полиция бақылауымен өтеді (ВИДЕО)

21.06.2023 | 11:00
108
Фото: ҚР Ішкі істер министрлігі

Осы аптада елімізде мектеп кештері өтеді. Ал былтырғы жылы осындай кештерде түлектердің қатысуымен әртүрлі құқық бұзушылық жасалғаны белгілі. Сондықтан  іс-шаралар өтетін орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері мен басшылықтан жауаптылар бекітіліп отыр, деп хабарлады Elorda.info ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

-Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицияның патрульдік нарядтары кеш өтетін орындарға жақындатылды. Сондай-ақ жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары іске қосылды. Аталған іс-шараға 7 мыңнан астам полиция қызметкерлері тартылды. Іс-шараны басқару үшін жедел штабтар құрылды. Ата-аналардан және түлектерден қоғамдық тәртіпті бұзбауды сұраймыз. Сонымен қатар тыныштықты бұзу, алкоголь ішу, жол жүрісі қағидаларын сақтамаудың алдын алу керек. Көлікті басқаруға құқығы жоқ және мас адамның  рөлге отырмауын, қозғалыс кезінде терезе мен люктардан шығуды болдырмауды қатаң бақылаған жөн. Мысалы, 1 маусымда соңғы қоңырау өткізу кезінде бірқатар облыстарда автокортеждердің жүруі орын алды. 14 жүргізуші жауапқа тартылып, 3 автокөлік айыппұл тұрғаны енгізілді. Суқоймасындағы қауіпсіздікті сақтауды да ұмытпауды өтінеміз, - деді ІІМ ӘПК басқарма бастығы Әсет Оспанов. 

Сондай-ақ полиция  педагогтар мен ата-аналарға іс-шаралар аяқталғанша түлектерге бақылаумен қамтамасыз ету керектігін ескертті.

-Құрметті түлектер мен ата-аналар! Бұл мереке тек жағымды жағынан есте қалу керек. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! – деді  деді ІІМ ӘПК басқарма бастығы Әсет Оспанов.

Все новости