00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Ұлы дала даңғылында жөндеу жұмыстары басталды

20.06.2024 | 12:02
Олжас Сүлейменов
114
Ұлы дала даңғылында жөндеу жұмыстары басталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ұлы дала даңғылы бойынша Мәңгілік ел даңғылынан Ә.Бөкейхан көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Осыған байланысты, 20-23 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша, екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады.

Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген хабарламада.

Все новости