00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Кемтар жандарды әлеуметтік қорғау бойынша үйлестіру кеңесі өтті

26.12.2023 | 13:30
107
фото: upravlenie_zanyatosti

Астана қаласында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының әкімдігінде Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скубтың төрағалығымен Астана қаласында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өттi.

Отырыста тиісті басқармалардың баяндамалары тыңдалып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды кәсіптік бағдарлау және оңалтудың өзекті мәселелері, мүгедектік ауруларының алдын алу және оңалту және мүгедектік спортты одан әрі дамыту, кедергісіз орта және мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша, қатысушылардың көтерген барлық сұрақтары мен ұсыныстары жұмысқа алынды.

Все новости