00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Қараөткел көпірі жөндеуге ішінара жабылады

Қараөткел көпірі
фото: astana-akshamy.kz

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы жылдың 5 маусымы сағат 21:00-ден 1 шілде сағат 06:00-ге дейін Қараөткел көпіріне Қабанбай батыр даңғылы мен А.Бараев көшесі тарапынан жартылай жабылатын тәсілдермен орташа жөндеу жүргізетін болады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жүргізу кезінде 5 маусымнан 1 шілдеге дейін жоғарыда көрсетілген учаскедегі қозғалыс екі бағытта да тораптардың бірі бойынша жүзеге асырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Все новости