00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

ІІМ басшысы мен елорда әкімі полиция департаментінің жұмысымен танысты

11.01.2024 | 12:00
126
фото: www.gov.kz

Бұл туралы ІІМ басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Өткен жылдың соңында елордалық полиция департаменті жаңа ғимаратқа көшкен болатын. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес полицияның сервистік моделін енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Астана қалалық полиция департаменті ғимаратында жаңа екіқабатты фронт-офис жұмыс істейді. Фронт-офис азаматтарды қабылдау бөлмелерінен, медиация кабинетінен, күту залынан және ақпараттық орталықтан тұрады. Таңғы 08:30-дан кешкі 18:30-ға дейін жұмыс істейді. Жұмыс тиімділігін арттыруда қызметкерлердің кәсібилігі мен дайындығы маңызды рөл атқарады. Полицейлердің еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс жалғасын тауып жатыр. Мәселен, қызметкерлерді спортқа бейімдеу үшін елордалық полиция департаментінің негізгі ғимаратында спорт залы қарастырылды. Басты міндет – халықтың ішкі істер органдарынадеген сенім деңгейін арттыру, - деп жазды ІІМ басшысы.

Әр өңірде полиция қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту бойынша жұмыс жүргізіле бермек.

Все новости