00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

«Халық заңгері» акциясы: Астаналықтар тегін заң көмегін ала алады

28.05.2024 | 10:53
Олжас Сүлейменов
151
«Халық заңгері» акциясы: Астаналықтар тегін заң көмегін ала алады
Фото: ашық дереккөз

30 мамырда сағат 17:00-де еліміздің барлық өңірлерінде «Халық заңгері» тегін республикалық акциясы басталады. Онда құқық саласының сарапшылары азаматтарға барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша тегін кеңес береді, деп хабарлады Elorda.info.

Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған. Оған адвокаттар, нотариустар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полицейлер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, әділет, салық органдарының, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының қызметкерлері және т.б. қатысады.

Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі.

Айта кетейік, Астанада Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайы бойынша Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы ғимаратында өтеді.

Все новости