Елордалықтар тегін заң көмегін ала алады
![заңгер қызметі](/img/articles/f73cab5c24edea96ea2df744480105bc.jpg)
30 мамыр күні сағат 17:00-де Астанада Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайында орналасқан Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған. Оған адвокаттар, нотариустар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полицейлер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, әділет, салық органдарының, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының қызметкерлері және т. б. қатысады.
Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі.
«Халық заңгері» акциясы бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысқан. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам азамат консультация алған. Қазақстандықтар акцияны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіруде.
Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ екенін айтады сарапшылар.
![Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді](/img/articles/cb233e021ef2a246156d5648589fb7b5.jpeg)
![Туристік полиция елорда қонақтарына көмек көрсетті](/img/articles/a5829da00917af15999f51b196237ac2.jpg)
![Астанада Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды](/img/articles/103da4dc1da3eb3d6bdb6c2a879d8909.jpeg)
![Астана күнінде шеткі аймақтарда концерттер өтеді](/img/articles/7cdfcac3d956f787ea739ccb6d3e5894.jpeg)
![Елордалық спортшы Әділбек Мусин Париж Олимпиадасына жолдама алды](/img/articles/11b2dcc08b48e35b5aa399d3abe11c0f.jpeg)
![Астанада қазақстандық мәдениет апталығы салтанатты түрде ашылды](/img/articles/fc78401b71916ea268ddecc5889c766a.jpeg)
![Елордада тағы бір автобустың бағыты өзгереді](/img/articles/6b00c504a9ed395445ca4e72fbfba3c6.jpeg)
![Астанада «Тату көршілік қатынастардың жаңа кезеңі» атты форум өтті](/img/articles/1dc4f44b891a141ffb76cd0d400e8db4.jpeg)
![Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді](/img/articles/618afa85bd2b85401f65146ea35cd9ca.jpeg)
![Астанада 30-дан астам маршруттың қозғалыс сызбалары уақытша өзгерді](/img/articles/f975fc6cd03a83b57470191bc5b179ac.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)