00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елордалық ЖОО-да оқу үшін әлеуметтік көмекті кімдер ала алады?

27.07.2023 | 06:16
116
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info

1 шілденен бастап 21 тамызға (қоса алғанда) дейін Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы елорданың жоғарғы оқу орындарына оқуға түсу ақысын төлеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар қабылдайды. 

Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешімімен бекітілген «Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету қағидаларының» 75-тармағына сәйкес, төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын (213 240 тг) жан басына шаққандағы табысы болған жағдайда қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі нысанда оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтік көмек жыл сайын Астана қаласының жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерi қатарынан: 

- жетім балалар; 

- балалар үйінің түлектері; 

- бала жасынан мүгедектігі бар адамдарға; 

- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- көпбалалы отбасының балалары (оның ішінде, білім ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түскенге дейін осы жылы үлкен баланың кәмелетке толуына байланысты) Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу мақсатында көмекке жүгіне алады. 

Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші басқармаға мына құжаттарды қоса отырып өтініш ұсынады: 

1) жеке басты куәландыратын құжат;

2) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

3) ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлiктің көшірмесі (жетiм балалар үшін);

4) көпбалалы отбасы мәртебесiн растайтын құжатының көшірмесі (көпбалалы отбасының балалары үшiн);

5) туу туралы куәлiгінің көшірмесі (жетiм балалар үшін);

6) Астана қаласының орта мектебін аяқтау туралы аттестат; 

7) Ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң нәтижесi бойынша берiлген мемлекеттiк сертификаты. 

8) екінші деңгейдегі банктегі немесе "Қазпочта" акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы ақпарат.

Әлеуметтік көмекпен оқыту елорданың еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар бойынша көрсетіледі. Басым мамандықтар медициналық, педагогикалық және техникалық. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар жалпы медицина, әлеуметтік жұмыс, сәулет (BIM-менеджер жобалаушы), электроэнергетика, дене шынықтыру және спорт, психология, есептеу технологиясы және бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламашы), дизайн , ақпараттық жүйелер, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сабақ беру құқығымен компьютерлік жүйелерді әзірлеуші ​​және талдаушы), ақпараттық технологиялар, азық-түлік тауарларының технологиясы, газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету инженері, информатика, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (логистика маманы), биотехнология, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, мектепке дейінгі оқыту, педагогикалық (математика мұғалімі), педагогикалық (химия және биология мұғалімі), қазақ тілі және әдебиеті, геодезия және картография (web-картография), БӨАжА инженері (бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика), инженер электроншы, құрылыс, жылу энергетикасы, ақпараттық қауіпсіздік.

Тестiлеу кезiнде қажеттi ең төменгi баллды жинай алмаған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне әлеуметтік көмек тағайындалмайды.  

Қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек алуға Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына, яғни Бейбітшілік көшесі, 9 үй мекенжайына өтініш қалдыруға болады. 

Все новости