Елордада жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/karin_1_medium_Thumb_b9005f9245.jpg)
Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен ҚР Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жиында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру және лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі Жол картасының жобасын әзірлеу мәселесі талқыланды.
Мемлекеттік кеңесші нашақорлық пен лудоманияға қарсы күресу және осы індеттің алдын алу елімізде заң мен тәртіп қағидаттарын түбегейлі орнықтыруға қатысты жұмыстың маңызды бағыты екеніне тоқталды. Кеңес мүшелері осы маңызды іске белсенді азаматтардың барынша атсалысуы кез келген құқықбұзушылыққа еш төзбейтін қоғам қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Сондай-ақ кеңес отырысында жыл сайын әзірленетін «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасының жобасы талқыланды. Баяндамада әдеттегідей демография, денсаулық, білім және ғылым, азаматтардың экономикалық іс-әрекеттері және азаматтық-саяси үдерістерге қатысуы сияқты маңызды әлеуметтік өлшемдер қамтылған.
Кездесу соңында Ерлан Қарин бүгінде жүзеге асырылып жатқан реформалар, ең алдымен, жастарға арналатынын және жастарымыз елдегі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші саналатынын атап өтті. Мемлекеттік кеңесші кеңес мүшелерін Қазақстан жастарына қатысты қордаланған мәселелерді тиімді шешу үшін әрдайым белсенді болуға шақырды.
![Бүгін ауа райына байланысты отшашу ертерек басталуы мүмкін](/img/articles/d8b8a0d6b57054c5c62c7c3592e19856.jpeg)
![Астанада Елорда күніне арналған жаппай жарыс ұйымдастырылады](/img/articles/fcbea304564f13af0590d2cdaee611c3.jpeg)
![Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді](/img/articles/cb233e021ef2a246156d5648589fb7b5.jpeg)
![Туристік полиция елорда қонақтарына көмек көрсетті](/img/articles/a5829da00917af15999f51b196237ac2.jpg)
![Астанада Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды](/img/articles/103da4dc1da3eb3d6bdb6c2a879d8909.jpeg)
![Астана күнінде шеткі аймақтарда концерттер өтеді](/img/articles/7cdfcac3d956f787ea739ccb6d3e5894.jpeg)
![Елордалық спортшы Әділбек Мусин Париж Олимпиадасына жолдама алды](/img/articles/11b2dcc08b48e35b5aa399d3abe11c0f.jpeg)
![Астанада қазақстандық мәдениет апталығы салтанатты түрде ашылды](/img/articles/fc78401b71916ea268ddecc5889c766a.jpeg)
![Елордада тағы бір автобустың бағыты өзгереді](/img/articles/6b00c504a9ed395445ca4e72fbfba3c6.jpeg)
![Астанада «Тату көршілік қатынастардың жаңа кезеңі» атты форум өтті](/img/articles/1dc4f44b891a141ffb76cd0d400e8db4.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)