00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елордада жаңа көпір пайдалануға берілді

30.10.2023 | 09:00
118
Фото: дереккөз

Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпір қазірдің өзінде қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Бұл көпір кептелісі бар учаскелерді айтарлықтай сейілтуге мүмкіндік береді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мысалы, Мәңгілік ел даңғылы 20%-ға, Сарайшық көшесі мен Ұлы Дала көпірі тиісінше 15%-ға жеңілдеді. Сондай-ақ, Керей-Жәнібек хандар, Әл-Фараби көшелері және Ұлы Дала даңғылы бойынша трафик жандануда.

Бұдан басқа, жаңа көпір Алматы мен Есіл аудандары арасындағы қосымша байланысты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жолдардағы қозғалысты едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынұлы, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, көпір сегіз жолақты – екі бағытта төрт жолақтан. Көпірдің бүйірлерінде жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолдар бар. Көгалдандыру жұмысы көктемде аяқталады.

Все новости