00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елордада «Вейпсіз жастар» денсаулық шеруі өтті

17.05.2024 | 08:50
163
Елордада «Вейпсіз жастар» денсаулық шеруі өтті
фото: www.gov.kz

Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акция жалғасуда. Экологиялық іс-шараны білім беру ұйымдарының оқушылары қолдап, «Вейпсіз жастар» денсаулық шеруін өткізді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға 97 елордалық білім беру ұйымы қатысты.

Қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Гүлфара Сарамбетова бұл әлеуметтік жобаны Қазақстанның балалар қоры ұйымдастырғанын айтты.

«Жоба оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында 21 жасқа дейінгі адамдар арасында вейптерді қолданумен күресуге бағытталған. Мұндай іс-шаралар апта сайын өткізіледі. Сонымен қатар қалада мектептің өзін-өзі басқаруы, «Менің бауырым» еріктілер қозғалысы, спорттық эстафеталар, экофесттер ұйымдастырылады. Келесі аптада біз қаланың жылыжайларында іс-шаралар өткіземіз. Мұның бәрі жастарымызды тәрбиелеуге және оларға дұрыс әдеттерді, борыш пен жауапкершілік сезімін оятуға ықпал етеді», - деп атап өтті Гүлфара Сарамбетова.

Денсаулық шеруінде белгілі бір жетістіктерге жеткен жас спортшылар құрметке ие болды. Биыл мектеп бітіретін спортшы балаларға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ 23 мыңнан астам адам «Дені сау «мен» – дені сау ел!» флеш-жаттығуына қатысып, салауатты өмір салты мен планетадағы тазалыққа отандық жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.

Все новости