00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Елордада құрбандық шалуға болатын жерлер анықталды

26.06.2023 | 12:30
102
фото: elements.envato.com

Астана қаласында қасиетті Құрбан айт мерекесі күндері құрбандық шалынатын орындар анықталды, деп хабарлады Elorda.info қалалық Дін істері жөніндегі басқармаға сілтеме жасап.

Биыл Құрбан айт мерекесі 28-30 маусым күндері аралығында өтеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес қала мешіттерінде 28 маусым күні сағат 6.00-де «Айт намазы» оқылады.

Астана қаласында бекітілген орындарда құрбандық шалу 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

1. «Ұлжан» әмбебап базары, «Сарыарқа» ауданы, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары);
2. «Жайлау» базары, «Байқоңыр» ауданы, Алаш тас жолы, С-313 көшесі («Шарын» базарының арты);
3. «Шанхай» базары, «Байқоңыр» ауданы, Алаш тас жолы, 34/6 («Көк базар» базарының арты);
4. «Шопан ата» базары, «Байқоңыр» ауданы, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
5. «Баракат» базары, «Байқоңыр» ауданы, А-369 көшесі, №10 ғимарат.

Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.

«Құрбан айт» мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы «109» Call-center жұмыс жасайды.

Все новости