00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елордада оқушыларға арналған «Alpha Camp» бейіндік лагері ашылды

03.06.2024 | 16:32
177
Фото: Elorda.info

Бүгін Астанадағы Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінде «Alpha Camp» бейіндік лагерінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектепте 4600 оқушы бар. Кезінде үш ауысымда жұмыс істеген мектеп осы оқу жылында жаңа ғимаратқа ие болып, білім алушылар екі мауысыммен оқи бастады.

«Alpha Camp» жазғы лагерінің ашылу салтанаты мектептің бастауыш ғимаратының аумағында, ашық аспан астында өткізілді. 1-4 және 5-8 сынып оқушылары үшін жұмыс істейтін жазғы лагерьдің ашылу рәсіміне педагог-тәлімгерлер, оқушылар, ата-аналар қатысты. Қолдарына түрлі-түсті шарлар мен жалау ұстап, арнайы костюмдер киіп флеш-моб жасаған тәлімгерлер мен оқушылардың көңілді биі келгендерге қуаныш сыйлады, балаларды қызықты демалысқа жетеледі.

«Бізде профильді лагерь 4 маусым бойы жұмыс істейді. Таңғы тоғыздан үшке дейін арнайы жасалған кесте бойынша балалар арасында тамақтанып, күш жинап алып, түрлі қызықты іс-шараларға қатысады. Мектеп жанындағы жазғы лагерьде IT сыныптар, ғажайыптар әлеміне саяхаттау үшін Гарри Поттер стилінде жасалған сыныптар бар, дарынды балалар, техникаға бейім, зейінді балаларға арналған, қолөнер бұйымдарын жасайтын, іс тігіп, бисер тоқитын ұқыпты оқушыларға, сондай-ақ спортпен айналысқысы келетін шымыр жеткіншектерге тәрбие ісіне баулу мақсатында 60 тәлімгер арнайы даярланған. Бұл сыныптардың барлығы биылғы оқу жылында ғана жаңадан пайдалануға берілген бастауыш сыныптарына арналған жаңа ғимараттарда орналасқан, балалар үшін барлық жағдайлар жасалған», - дейді мектеп-лицейдің директоры Алма Жұмабекова.

Концерттік бағдарламада оқушылар ең жақсы көретін ғажайыптар мен сиқырлар әлеміне саяхаттап, Хогвартс игі істер академиясымен танысты.

«Осы жазғы лагерьге биыл үшінші жыл қатысып жүрмін. Маған тәлімгерлердің оқушылармен қарым-қатынасы және достарыммен бірге уақыт өткізу өте ұнайды, мұнда қызықты бағдарламалар көп, биыл да солай болатын шығар»,- дейді 5-сынып оқушысы Ғалым Бижанов.

«Мен жазғы лагерьге бірінші рет келдім, мұнда қызықты боларына сенемін, ашылу салтанатының өзі өте қызықты болды, екі аптадай уақыт осында боламын», - дейді 3-сынып оқушысы Ерғазы Әбдірахманов.

Оқушылар мектеп ауласында тігілген киіз үйдегі «Жас казақ» этнолагерінде еліміздің тарихымен, мәдениетімен сусындайды, халқымыздың салт-дәстүрі, әдебиеті, этнографиясымен терең танысып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын болады.  Тәлімгер педагог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зәмзәгүл Кенжеахметқызы оқушыларға қазіргі таңда тілімізде сирек қолданылып жүрген атауларды, бұйым түрлерін, киіз үй, музыка аспаптарының атаулары туралы айтып, тарихын тарқатады, балалардың бай, керемет ана тілімізде сөйлеуіне септігін тигізіп жүрген тәжірибелі педагог.

«Спорткамп» спорттық лагерінде мықтырақ және ептірек бола түсесіздер, сонымен қатар, бүлдіршіндердің қызығушылығын арттыру мақсатында «Диджитал камп» цифрлық лагерінде түрлі қызықты және ерекше ақпараттармен таныстыру жоспарланып отыр», -дейді жазғы лагерь жетекшісі Айжан Саканова.

Мектеп жанындағы жазғы лагерьде балалар ұлттық салт-дәстүрлермен танысып, ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды кеңінен білетін болады.

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ.

Все новости