00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елордада көлік карталарының теңгерімін толтыратын жаңа тәсіл енгізілді

31.05.2024 | 12:44
Олжас Сүлейменов
116
Елордада көлік карталарының теңгерімін толтыратын жаңа тәсіл енгізілді
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін жаңғырту аясында көлік карталарының теңгерімін лезде толықтырудың жаңа тәсілі пайда болды.

Әзірге сервис 30 «Ю станция» терминалында 6 мекенжай бойынша қолжетімді:

1. «Әлем» СҮ, Бөгенбай батыр даңғылы, 62;

2. «Әсем» СҮ, Ықылас Дүкенұлы көшесі, 31;

3. «Сарыарқа» СОО, Тұран даңғылы, 24;

4. «Green Mall» СОО, Сығанақ көшесі, 17 б;

5. «MEGA Silk Way» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 62;

6. Әуежай, Қабанбай батыр даңғылы, 119.

Оған қоса басқа стационарлық терминалдармен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дайын болғанына қарай көлік карталарын толықтырудың терминалдық желісі кеңейтіледі.

Айта кетерлігі, көлік картасының теңгерімін толтырғаннан кейін активация жасау қажет. Ол автобус ішіндегі планшет арқылы жүзеге асырылады. Активация мерзімі – 30 күн.

Төлемді активациялау кезінде бір мезгілде жол ақысы алынады.

Все новости