00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада кезекті өңірлік жәрмеңке өтіп жатыр

07.10.2023 | 05:00
143
фото: Сұлтан Сейіт

Бұл жолы Астанаға өз өнімдерін Павлодар мен Абай облыстарының шаруалары жеткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Елорда әкімдігінің мәліметінше,  жәрмеңкеде екі өңірден 40 түрлі жалпы көлемі 700 тоннаға жуық өнім ұсынылған.

WhatsApp Image 2023-10-07 at 10.37.46.jpeg

Павлодар облысының атынан 10 ауылдық аудан қатысып жатыр. Олар елордаға  ет-сүт өнімдері, картоп, көкөністер, ұн, жарма, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді алып келген.  Ал Абай облысынан Семей қаласы, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Көкпекті, Ақсуат, Үржар және Жарма аудандарының шаруалары келген. Олар 120 тоннадан астам өнім әкеліпті.

WhatsApp Image 2023-10-07 at 10.37.44.jpeg

WhatsApp Image 2023-10-07 at 10.37.42.jpeg

Байқағанымыздай, қала тұрғындары арасында ет өнімдері, бал, картоп және көкөністер сұранысқа ие.

Айта кетейік, жәрмеңке сенбі-жексенбі күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Шабыт өнер университетінің алдындағы алаңда өтіп жатыр.

ярмарка 3.jpg

Все новости