00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада күзгі әскери-патриоттық дала жиыны өтті 

03.10.2023 | 09:00
147
Фото: Elorda.info

Бүгін №68665 әскери бөлімінде қаладағы жалпы орта білім беретін мектептердегі әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Жас Сарбаз – патриоттар мекені» іс-шарасы өтті, деп хабарлады Elorda.info

Күзгі әскери-патриоттық дала жиынына Астана қаласы әкімдігі, «Жастар саясаты мәселелері» басқармасы, ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және Астана қаласы қорғаныс істері департаменті қолдау білдірді. 

аскер.jpg

ҚР Мемлекеттік Гимні ойналған соң, алғашқы сөз Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысы Айдын Сағынбековке берілді. Бұдан әрі «Қарулы Күштер» ардагерлер бірлестігі төрағасының орынбасары Жұма Тайжанов жас сарбаздарға тілегін арнады. Жиынның салтанатты бөлімі №68665 әскери бөлімінің командирлері орынбасары, штаб бастығы Азамат Сүйлейменов, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев, Астана қаласы «Жастар саясаты мәселелері» басқармасының ресми өкілі Әлібек Жүсіповтың құттықтау сөздерімен жалғасты. 

аскер бир.jpg

Күзгі әскери-патриоттық іс- шара үш күнге созылмақ. Мұнда жас сарбаздар интеллектуалдық, физикалық және тактикалық сайыстарда ой жарыстырып, күш сынасатын болады. Сайысқа қаладағы 95 мектеп, 35 колледж арасындағы ең үздік әскери-патриоттық клуб қатысушылары таңдалып алынды, - деді  Астана қаласы «Жастар саясаты мәселелері» басқарманың ресми өкілі Әлібек Жүсіпов.

аскер торт.jpg

Сайысқа 150-ге жуық жасөспірім іріктеп алынған. Әр командадағы 15 ұл, 5 қыз өзге қарсыластарымен жеңіс үшін күресетін болады.  

Жас сарбаздарымыз үш күн ішінде кермеге тартылу, арқан тарту, әскери кедергілерден өту, оқ ату, басқа да әр түрлі эстафеталық сайыстарда шеберліктерін көрсетуге сақадай сай дайын тұр. Бүгінгі жарыстың жеңімпаздары келесі жылы өтетін «Айбын» дала жиынына республикалық жолдамаға ие болады, - деді «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Астана қалалық филиалы төрағасы Асхат Налшыбек. 

аскер бес.jpg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған әскери-патриоттық дала жиыны жыл сайын көктем мен күзде екі мәрте өтіп тұрады. 2018 жылы алғаш рет өткен жарыс биыл 5-ші рет ұйымдастырылып отыр. 

8-11 сынып оқушылары әр мектепте арнайы пән бойынша алғашқы әскери дайындықтан өтетінін белгілі. Біздің мақсатымыз - олардың сол білімдерін одан әрі толықтырып, әскери бөлім базасында іс-тәжірибеден өткізу. Осы арқылы олардың жігерін жанып, рухын оятып, отансүйгіштікке баулу. Бұл іс-шаралар жастарымызды кәсіби бағыттауға, әскери мамандарымыздың сабын толықтыруға септігін тигізеді деп сенеміз, - деді Астана қаласы әскерге шақыру комиссиясының мүшесі Ғани Артықов. 

Сайыстың алғашқы күні жас сарбаздар казарманы аралап, әскери қару-жарақ пен киім-кешек түрлерімен танысты. Әрі қарай әскери және спорттық шараларға белсене араласты. 

Все новости