00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада өңірлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасып жатыр

07.09.2023 | 10:00
85
Фото: Elorda Aqparat

Астанада өңірлік тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі әр аптаның сенбі және жексенбі күндері өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада қазан айының соңына дейін әрбір демалыс күндері облыстардағы тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынады. Олар Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайындағы «Шабыт» өнер университетінің алдындағы алаңда өтеді.

Әрбір облыс төменде белгіленген кесте бойынша елордалықтарға өз өнімдерін нарыққа қарағанда біршама төмен бағамен ұсынады.  

- 9-10 қыркүйек – Атырау және Жамбыл облыстары;

- 16-17 қыркүйек – Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары;

- 23-24 қыркүйек – Алматы және Жетісу облыстары;

- 30 қыркүйек және 1 қазан Ақтөбе мен Қостанай облыстары;

- 7-8 қазан – Павлодар және Абай облыстары;

- 14-15 қазан – Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары;

- 21-22 қазан – Қарағанды және Ұлытау облыстары;

- 28-29 қазан – Ақмола облысы.

Жәрмеңкелерде сіз жаңа піскен көкөністерді, жемістерді және басқа да табиғи өнімдерді тікелей қазақстандық фермерлерден сатып ала аласыз. Ал бағасы нарықтан арзан, - делінген хабарламада.

Все новости