00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елордада деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселесі талқыланды

01.07.2023 | 12:30
102
Фото: дереккөз

Елорда әкімдігінде қала әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен Астана қаласының терроризмге қарсы комиссиясының отырысы өтті. Отырыста діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу шаралары талқыланды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Отырыста комиссия мүшелері жастар саясаты мәселелері, білім беру, дін істері, Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандары әкімдері, сондай-ақ қалалық Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары сөз сөйледі.

Күн тәртібіне сәйкес жастар арасында деструктивті діни ағымдар идеологиясының таралуының алдын алу және оған жол бермеу, 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының 2023 жылға белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ комиссия мүшелері террористік тұрғыдан осал нысандардың терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыру жөніндегі шараларды талқылады.

Отырыс соңында елордада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыруға ерекше назар аударылды.

Все новости