00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Елордада буллингке қарсы дөңгелек үстел өтті

15.11.2023 | 13:00
145
Фото: дереккөз

Достық үйінде Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың бастамасымен «Қазіргі қоғамдағы буллинг мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, Астана қаласы діни бірлестіктер өкілдері және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Жиын барысында Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Қайролла Кушкалиев, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық қолдау бөлімінің әдіскері Майра Рустимова, «Қадыр қасиет» ҚБ «Адам құқықтарына назар аудару: әйелдер мен балалар» жобасын үйлестірушісі Таңат Есенғұлов, Бас мүфтидің кеңесшісі Бижігіт Қойшиев, Успен кафедралды соборының Ключарийі Дмитрий Байдек, «Астанадағы Қасиетті Мәриям Рим-католиктік Архиепархия» ДБ өкілі Петр Пытлова, «Агапе» Қасиетті Елуліктің Христиандық Шіркеуі» ЖДБ басшысы Игорь Цой сөз сөйледі.

Олар өз сөзінде бұл тақырыптың ерекше маңыздылығын, оның қоғамдағы бірлік пен игілікті сақтаудағы алатын ерекше рөлін атап өтті.

Все новости