00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елордада брендтелген 100 жаңа автобус жүреді

20.06.2024 | 16:17
Олжас Сүлейменов
103
Елордада брендтелген 100 жаңа автобус жүреді
Фото: дереккөз

25 маусымнан бастап Астана көшелеріне жаңа автобустар шығады.  Жаңа дизайн көлік саласындағы заманауи үрдістерді ескере келе әзірленді және V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналады, деп хабарлады Elorda.info.

2024 жылғы «Yutong» маркалы автобустар стиль мен даралықты баса көрсететін дизайнға ие және автобус ішіндегі жақсартылған эргономикасы мен жаңа технологиялық шешімдердің арқасында жолаушылардың сапарын ыңғайлы етеді.

Жаңа дизайнның негізгі ерекшеліктері:

• Қалалық көліктегі динамизм мен инновацияны көрсететін заманауи және эстетикалық келбеті;

• Жолаушылар үшін жайлылықты жақсарту мақсатында ішкі жарықтандыру және ауа баптау жүйесі жетілдірілді;

• Жолаушыларды сапар кезінде хабардар ету және көңілдерін көтеру үшін инновациялық мультимедиялық жүйелер орнатылды.

Автобустардың түсі, дизайны және ою-өрнек элементтері Астана қаласының қоғамдық көлігін дамыту мен жақсартуға үнемі дайын екенін көрсетеді. Көк түс аспан мен суды білдіреді, бұл бұлттармен және Есіл өзенімен, сондай-ақ кеңістік пен еркіндікпен символикалық байланысы. 

Жасыл түс қаланың табиғаты мен саябақтары, сондай-ақ экологиялық тұрақтылық пен қоршаған ортаның қамқорлығына бағытталған. Сары түс күн энергиясы мен оптимизмді, күз мезгілінің сұлулығын білдіреді, бұл қаладағы табиғаттың алуан түрлілігін қосымша байқатады. Ромб тәріздес және геометриялық қалыпты пішіндер Астананың жаңашылдығы мен прогрессивтілігін ерекше атап өтіп, динамикалық және заманауи бейнені жасайды, - делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.

Ұлттық нақыштағы ою-өрнек Қазақстанның мәдени мұрасын ерекшелеп, бірегейлігін айқындайды. Ою-өрнектерді таңдау қазақтың дәстүрлі өрнектеріне негізделген, бұл ұлттық бірегейлік пен мәдениетті сақтауға және насихаттауға көмектеседі. Ою-өрнек тұтастық пен сабақтастық сезімін тудырып, жалпы дизайнға сәйкес келеді.

Жарқыраған элементтер (жарық жұлдыздар мен жарқырау) дизайнға динамика мен тартымдылық қосады. Олар Астана қаласының болашағын, қуаты мен амбициясын бейнелейді, автобустарды тек функционалды ғана емес, сонымен қатар көрнекі жағынан да қызықты етеді. Жарқырау сонымен қатар қаланың технологиялық инновациялар мен прогреске деген ұмтылысын көрсетеді.

Осылайша, таңдалған дизайн мен түстер қалалық көліктің оң имиджіне ықпал етеді, оны функционалды, тартымды және мәдени маңызды етеді.

Айта кетейік, бұл күндері Астанадағы қоғамдық көліктердегі жолаушылар 900 мың сапар жасайды. Өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Оған былтырдан бері жылжымалы құрамның жаңаруы, автобустар санының артуы, сондай-ақ жаңа бағыттардың қосылуы себеп.

Өткен жылы автобус парктері 400 жаңа автобус сатып алса, биыл 300 жаңа автобус алу жоспарда бар.

Все новости