00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елордада бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті

11.04.2023 | 12:00
137
Фото: дереккөз

Астанада кәсіпкерлік бастамашылық шеңберінде жастарға берілетін микрокредиттер бойынша бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info

Отырыста комиссия төрағасы мен төрағасының орынбасары сайланды.

Конкурстық комиссия жастарға берілетін микрокредитті алуға ұсынылған 9 үміткердің бизнес-жобаларын қарады. Бизнес-жобалар денсаулық сақтау, сауда, көлік, полиграфия, бұйымдар жасау және тағы басқа салаларда бизнесті дамытуға бағытталған. Комиссия мүшелері ұсынылған жобалардың өзектілігін, дәлелділігін, экономикалық негізділігін, маңыздылығы мен өміршеңдігін ескере отырып, тиісті шешімдер қабылдайды.

Микрокредиттер 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Жас кәсіпкерлер жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесі бойынша өтеу мерзімі 5 жылға дейін 5 миллион теңгеге дейін кредит ала алады.

Жастарға арналған микрокредиттерге өтініштер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Астана қаласындағы филиалында Астана қаласы, Тұран даңғылы, 19/1, «Эдем» БО мекенжайында қабылданады (анықтама телефоны: 8-701-006-16-38).

Все новости