00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Елордада балаларды қорғау күніне орай дөңгелек үстел өтті

31.05.2024 | 09:33
Олжас Сүлейменов
145
Елордада балаларды қорғау күніне орай дөңгелек үстел өтті
Фото: дереккөз

Астанада балаларды қорғау күніне орай «Балаларды қорғау – ел болашағын қорғау» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Астана қаласы Дін істері басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараның басты мақсаты – қазақстандық қоғам арасында балаларды тәрбиелеуге қатысты жиі кездесетін жағдайлар мен проблемаларды талдау және талқылау. Соның ішінде балалар арасындағы қорқыту құбылысы, лудомания, жыныстық тәрбие, отбасылық институт және т.б. сондай-ақ діни бірлестіктердің балалардың құқықтарын қорғаудағы және қолдаудағы ықпалы мен маңыздылығын қарастыру.

Интернет тек білім көзі ғана емес, оның жекелеген бөлігі өскелең ұрпаққа қауіп төндіреді. Лудоманияның, нашақорлықтың, деструктивті діни ағымдардың таралуы күн тәртібінде тұр. Талдау көрсеткендей, белсенді пайдаланушылардың 80 пайыздан астамы интернет арқылы өтеді. Министрлік ақпаратты реттеуші ретінде мұндай мазмұн сипатын жоюды және бұғаттауды жүзеге асырады. Жастар келіп түсетін нақты қауіп-қатерлерді түсініп, бағалауы керек. Қоғам министрліктер, басқармалар, діни бірлестіктер атынан өскелең ұрпақтың осындай сын-қатерлерге «иммунитеті» болуы үшін барлық шараларды қабылдауы тиіс, - деп атап өтті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әнуар Хатиев.

Сондай-ақ дін істері, балаларды қорғау комитеттерінің өкілдері мен діни институттардың өкілдері өскелең ұрпақты тәрбиелеу туралы өз пікірлерімен бөлісті, өткір мәселелер мен оларды шешудің жолдарын талқылады.

Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар беріп, шағын мереке ұйымдастырды.

Все новости