00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтетін орын өзгереді

19.10.2023 | 02:30
112
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтетін орын ауыстырылады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Енді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өңірлік жәрмеңкелері «Астана Арена» стадионының алдында өтеді. 

Орналасқан жердің ауысуына байланысты өзгерістер аймақтық жәрмеңкелерді өткізу кестесіне де әсер етті. Мәселен, 21-22 қазанға жоспарланған Қарағанды және Ұлытау облыстарының жәрмеңкесі 28-29 қазанға ауыстырылады.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы дәстүрлі түрде 4-5 қарашада елордаға келетін Ақмола облысымен аяқталады.

Все новости