00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада Атырау және Жамбыл облыстарының жәрмеңкесі өтіп жатыр

09.09.2023 | 07:01
88
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада маусымдық жәрмеңкеге Атырау және Жамбыл облыстарының тауар өндірушілері 300 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімін алып келді, деп хабарлады Elorda.info.

Сатып алушылар үшін жылқы, сиыр және қой еті, тауық еті, шұжық өнімдері, сондай-ақ сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер мен макарон, балық, көкөністер мен жемістер әкелінді.

50a6db54-2a59-4835-8ce8-af5df971bd1c.jpg

Әр облыс елордаға өздері өсіретін немесе өндіретін өнімдерді әкеледі. Осылайша, оңтүстік өңірлер бақша дақылдарымен, ал батыс аймақтары балық және ет өнімдерімен танымал. Өндірушілер жәрмеңкеге арналған ассортиментті өздері таңдайды, - деді Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев.

ар 3.jpg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкелер өңірлерден келген ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде тауарлардың бағасы нарықтық бағадан төмен болады. Сатып алушылар белгілі бір аймақтардан фермерлердің өзіне тән өнімдерді сатып алу үшін келуін күтеді. 

facded98-8e90-4e9e-828f-968ab8dcdac9.jpg

Мен жыл сайын жәрмеңкеге келемін.Маған тауарды тікелей фермерлерден сатып алған ұнайды. Жамбыл облысынан келген көкөністерге апта сайын барамын. Сауда жасай алатынымды жақсы көремін, сондықтан кейбір сатушылармен таныспын, кейде олар маған жеңілдік жасайды, - дейді елордалық зейнеткер Амангелді Тиышбаев.

Айта кетейік, 2019 жылы басталған «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жөніндегі» пилоттық жоба аясында құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтері де өз өнімдерін ұсынды.

ар 2.jpg

Жыл сайын әр облыстан жәрмеңкеге 50-70 фермер келеді. Мақсат Жаңабаевтың айтуынша, жәрмеңкеге қатысуға ниет білдірген фермерлер саны үнемі артып келеді. Биыл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің өтетін орны өзгерді. Өткен жылы «Астана Арена» (Тұран даңғылы, 48) алдындағы автотұрақта өткізілсе, биыл жәрмеңке өтетін орын Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайы бойынша ҚазҰӨУ (Шабыт) алдындағы алаңға көшті.

Жәрмеңкеге арналған орын үлкен және ашық, сондай-ақ өніммен келетін жүк көлігі үшін ыңғайлы болуы керек. Ол сатып алушыларға да ыңғайлы болуы қажет. Өйткені, көптеген адамдар көлікпен келеді, сондықтан жәрмеңкенің жанында үлкен сыйымдылығы бар тұрақ болуы керек. Биыл ҚазҰӨУ алдындағы алаң жәрмеңке өткізетін орынға айналды. Бұл жер көлікке және қоғамдық көліктермен келетіндерге де ыңғайлы, - деп түсіндірді басқарма басшысының орынбасары.

Дана АМАНГЕЛДІ

Все новости