00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада «Ана - гүл, ана - өмір шырағы» мерекелік іс-шарасы өтті

12.05.2024 | 13:27
226
Елордада «Ана - гүл, ана - өмір шырағы» атты мерекелік іс-шарасы өтті
Фото: Василий Крась

Елордалық Достық үйінде «Ана - гүл, ана - өмір шырағы» атты мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Арт - терапия форматында ұйымдастырылған  рухани –танымдық басқосуға елордалық ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері,  Астана қаласы Алматы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қолданбалы өнер  шеберлері, «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорының ата-аналары мен балалары қатысты.

12 мамыр - Аналарға күніне арналған іс-шараны қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қызметкері Гульнара Тайгокова құттықтау сөзімен ашып, елімізде алғаш рет аталып өтіп отырған халықаралық мерекенің тарихымен таныстырды.

Бүгін біз  Алматы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығымен бірлесе іс-шара өткізіп жатырмыз. Мұнда «Бақытты шаңырақ» қорына қарасты ерекше балалар шақырылды. Шеберлік сағаттарына 20-дан астам отбасы қатысып отыр. Аналарды бүгінгі мерекемен құттықтап, сыйлықтар беріледі. Мерекені осылай тойлауды жөн көрдік, өйткені ана болу оңай емес, әсіресе ерекше баланың анасына өте қиын. Мен өзім 8 жыл бойы мүгедек балаларды қолдайтын «Жұлдызай» қорын басқардым. Бірінші балам бас жарақатымен туды, ата-анамыздың қолдауымен, дәрігерлердің көмегімен ерте реабилитациядан өтіп, сауығып кетті. Мамандығын алып, қазір өзі де ана атанып отыр. Сондықтан, ең бірінші, ана мен баланың саулығын тілеймін. Әсiресе, ерекше баланың анасына көп қолдау қажет, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі төрайымы Алтынай Тәңірбергенова.

Шеберлік сағатына қатысушы балалар  Алматы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері және сондағы қариялардың көмегімен суреттерді құрастырды.

Біздің орталықта қариялар неше түрлі ісмерлікпен айналысады: тігін тігеді, киім пішеді. Міне, бүгін белсенді қарттарымыз балаларға да қолғабыс көрсетіп жатыр. Олар шеберлік сағатына қатысушыларға суреттерді құрастыруға көмектесіп, сол арқылы кішкентайлардың моторикалық қабілеттерін шыңдауда, - деді Бақытжан Төлеубаева Алматы ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының іс-шаралар ұйымдастырушысы.

Сондай-ақ кішкентай қонақтардың  назарына  концерттік және  ойын-сауық  бағдарламасы ұсынылып,  балалар мен олардың аналарына  сыйлықтар табысталады.

Все новости