00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елорда маңында отбасымен қайда демалуға болады?

04.07.2023 | 16:00
153
фото: El.lz

Биыл Астананың 25 жылдығына орай қалада 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Елордалықтардың бірқатары демалыс күні қала ішіндегі мәдени және спорттық шараларды тамашаласа, бірқатары қала сыртында демалуды жөн көреді. Осы орайда қала күні қарсаңында Elorda.info тілшісі  алдағы 4 күн демалыста Астана маңында демалуға болатын орындар тізімін ұсынады.

1. «BalQaragai» - демалыс орталығы

Мекенжайы: Малотимофеевка ауылы, 2 үй. Астанадан 30 минуттық жерде орналасқан. 

Бағасы:  Демалыс орталығындағы үйлерді жалға алу 45 мың теңгеден басталады. Одан бөлек жалға алу құны 50 мың теңге болатын 30 адамға арналған киіз үй бар. Бірақ мереке және демалыс күндері баға біршама қымбатырақ болатынын ескерген жөн. 

Аталған аумақта мейрамхана, балалар ойын алаңы, бассейн, зообақ және атпен серуендейтін орын бар. Демалушыларға велосипед, самокат, квадроциклдер жалға беріледі. Балалар үшін футбол және волейбол ойнайтын ақылы алаңда қарастырылған.

балкарагай.jpg

2. «Құлагер» - демалыс орны

Мекенжайы: Жағажай  көшесі, 59

Бағасы: Аумақта жалға алуға болатын 4 үй бар. Олардың бағасы 60 мың теңгеден басталады. 

Демалыс орнында пейнтбол ойнап, атқа мініп, садақ атуға болады. Үйді жалға алған жағдайда беседка,ыдыс-аяқ, қазан, мангал самауырын тегін беріледі. 

WhatsApp Image 2023-07-04 at 18.23.37.jpeg

3. «Столичные раки» - демалыс орталығы

Мекенжайы: Жібек жолы ауылы, Ақжайық көшесі, 3

Бағасы: Орталықта үйді жалға алу 75 мыңнан басталады. 

 Жалға алу бағасы демалыс және мереке күніне байланысты өзгереді.  Аумақта монша, бассейн және ойын алаңы бар. 

WhatsApp Image 2023-07-04 at 18.23.36 (2).jpeg

4. «Green Park» - демалыс орны

Мекенжайы: Қосшы қаласы, Ишимская көшесі, 9

Бағасы: Бұл жерде үйді жалға алу 60 мың теңгеден басталады. Бұл соммаға таңғы ас кіреді.

Ол жерде жағажай, монша, балалар ойын алаңы мен тамақтанатын орындар бар. 

WhatsApp Image 2023-07-04 at 18.23.36 (1).jpeg

5. «Tau Park» - демалыс саябағы

Мекенжайы: Қосшы қаласы, 016-шы квартал, 1167

Бағасы: Киіз үйді жалға бару 40 мың теңгеден басталады. 

Демалыс аумағанда  атқа мініп, пейнтбол ойнауға болады. Садақ атуға да мүмкіндік бар. Демалыс орнында тамақтанатын  орындар қамтылған. Бұл орынды таңдаушылар үшін ескеретін жағдай, өздерімен бірге азық-түлік алып келуге болмайды.

WhatsApp Image 2023-07-04 at 18.23.36.jpeg

Все новости