00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елорда кәсіпкерлерінен грант алу үшін өтінімдер қабылдау басталады

26.07.2023 | 03:30
139
Фото: дереккөз

Астанада 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар ұсыну конкурсына қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінімдерді қабылдау басталады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқауды елордалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы өткізеді.

Өтінімдер тек kezekte.kz порталы арқылы онлайн форматта 2023 жылғы 7-16 тамыз аралығында қабылданады.

Өз қызметін экономиканың басым секторлар шеңберінде жүзеге асыратын, мемлекеттік грант алу үшін өңірлік үйлестірушіге жүгіну кезінде мемлекеттік тіркелуі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелген (әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері ғана) кәсіпкерлер гранттар беруге конкурстық іріктеуге қатысушылар бола алады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары:

Мемлекеттік гранттар мынадай кәсіпкерлерге берілмейді:

1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған;
2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;
3) жылжымайтын мүлікті жалға беру қызметінің негізгі түрі болып табылатын;
4) мемлекеттік грант алуға өтінім беру кезінде ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруды растамаған (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен);
5) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміндегі;
6) конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар;
7) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бойынша қолдау алғандарға (оның ішінде «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қолданылу кезеңінде);
8) конкурс өткізілетін өңірге сәйкес келмейтін басқа өңірде тіркелгендерге және бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлап отырғандарға берілмейді.

Конкурстық комиссия өтінімдерді қарау кезінде мынадай өлшемшарттар негізінде (оның ішінде осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:

1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы;
2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).

Бұл ретте бизнес-идеяның жаңалығы критерийіне облыста (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды, жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.

Толығырақ ақпаратты 55-69-21, 55-69-03, 55-69-10, 55-69-19 телефондары арқылы алуға болады.

Все новости