00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Экология вице-министрі елордалықтармен кездесу өткізеді

27.06.2023 | 23:00
86
фото: niitep.kz

30 маусым сағат 15:00-де Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың Астана қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді, деп хабарлады  Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 2-қабат, акт залында өтеді, онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.

Вице-министрмен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қоя аласыздар немесе мынадай байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөмірі: 8 (701) 100-44-66 және электрондық пошта: s.koblashov@ecogeo.gov.kz.

Кездесу өткізу аясында коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер,  азаматтарды жеке қабылдау,өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өтеді.

Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел. 8 (701) 100-44-66 және 8 (708) 943-36-20 арқылы хабарласуды сұраймыз.

Все новости