00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Білім беру ұйымдарында оқу сабақтары 31 мамырда аяқталады

18.05.2023 | 11:42
116
Фото: Сұлтан Сейітов

Биыл білім беру ұйымдарында оқу сабақтары 31 мамырда аяқталады. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Оқу жылының аяқталуы және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру» тақырыбында өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Барлық білім беру ұйымдарында оқу сабақтары 31 мамырда аяқталады. Биыл 9-сыныпты 18 443 оқушы, 11-сыныпты 9 539 түлек аяқтайды. 9 (10) сыныптың қорытынды емтихандары 2-13 маусым аралығында, ал 11 (12) сыныптың білім алушылары үшін мемлекеттік емтихандар осы жылдың 5-19 маусым аралығында өтеді. 11-сыныптың емтихан материалдары әрбір білім беру ұйымына электрондық форматта бірінші басшының электрондық поштасына емтихан өткізілетін күні сағат 7.00-де жіберілетін болады, - деді Серік Әділбаев.

 

Все новости