00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Байқоңыр ауданында кезекті ашық есік күні өтті

18.05.2023 | 13:00
122
Фото: дереккөз

«Жастар» сарайында Байқоңыр ауданының тұрғындары үшін кезекті Ашық есік күні өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Онда кәсіпкерлік, туризм, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру және абаттандыру мәселелеріне қатысты сұрақтар қаралды. 

Аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдап, тиісті шешім қабылдау мақсатында бастау алған бұл науқанға аудан әкімдігінің басшылығы, жергілікті мекеме өкілдері қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. 

18 1 72c1e3eb-02fb-475f-a7be-4de292126fb5.jpg

Келесі Ашық есік күні 24 мамыр күні өткізіледі. Онда көтерілетін сұрақтар: сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары, құрылыс, энергетика, газдандыру, газбен жабдықтау, коммуналдық қалдықтар, көгалдандыру, кешенді абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелері.

Все новости