00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астаналық қонақ үй су тасқынынан зардап шеккендерге 3 млн теңгеге көмек көрсетті

Гуманитарлық көмек

Елордада Бaтыc Қaзaқcтaн, Қоcтaнaй, Aқмолa облыcтaрындa cу тacқынынaн зaрдaп шеккендерге гуманитарлық көмекке  елордалық бизнес өкілдер мен волонтерлер де атсалысуда, деп хабарлады Elorda.info.

Солардың бірі  - The ONE Hotel Astana қонақ үйі.

Төрт жұлдызды қонақ үйдің сату бөлімінің менеджері Тимур Парахатовтың сөзінше, қайырымдылық іске мекеме 3 млн теңгеге жуық ақша жұмсаған.

Бүгін біздің қонақ үйдің ұжымы еліміздің бірқатар өңірінде су тасқынынан зардап шеккен және баспанасыз қалған 50 тұрғын үйдің тұрғындарына арнап қажетті заттарды жинады. Шамамен 3 млн теңгеге азық түлік, яғни ет, балық және жүгері қосылған консервілер, жарма, қант, шай, тез дайындалатын кеспе және түрлі макарон өнімдері сатып алынды. Сонымен қатар сүлгі, сабын мен төсек орын жабдықтары да қамтылды. Қасиетті Рамазан айына байланысты құрма да салдық. Қазіргі таңда барлық заттар қораптарға салынды. Жақын арада өңірлерге жіберетін боламыз,- дейді Тимур Парахатов.

Айта кетейік, табиғи апаттың зардабын тезірек қалпына келтіру үшін еліміздегі беделді қорлар мен қарапайым халық қаражат жинауды ұйымдастырып жатыр. Сонымен қатар елордада хaлыққa жәрдем беру мaқcaтындa aрнaйы пункттер aшылғaн және тәулік бойы call center жұмыc іcтеп тұр.

Все новости