00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астаналықтар итін қыдыртатындардан тазалықты талап етеді

31.01.2024 | 10:36
116
фото: ашық дереккөз

Сорақылықтың көкесі сол, көктемде қар ерігенде қаладағы саябақтардың, көпқабатты үйлердің жанындағы гүл алаңдарының, аулалардың көпшілігі үлкен иттің дәретханасына ұқсап кетеді. 

Қыста ұлымды далаға таза ауаға жиі-жиі шығарамын. Сарырқа даңғылындағы «Астана» спорт кешенінің жанындағы гүл алаңына барамыз. Балам қолына күрек алып, қарды қазып ойнайды. Ұлым қарды қазам деп отыра қалған жердің бәрінен сап-сары болып жатқан иттің нәжісін көреміз. Гүл бағы деген таза ауа жұтатын, демалатын жер ғой. Қазір тіпті біз үйден шыққанда көпқабатты үйлердің жанынан өтіп бара жатып, иттің, адамның нәжісін көреміз. Бұған неге құзырлы мекемелер назар аудармайды? - дейді астаналық тұрғын Күлзипа Бейсенқызы. 

 Итпен қыдыруға болмайды деген ескерту тақтайшалары ілінген жерлердің өзінде итін жетектеп жүретіндерді жиі кездестіреміз. Эколог-мамандардың айтуынша, қардың суымен еріген нәжіс су қоймасына барып, тірі ағзаны зақымдайтын патоген түзеді екен. Сол суды ұстаған адамда тері аурулары пайда болады. Иттің нәжісінен бөлінген жұғымды заттар адам шомылатын суды жарамсыз қылатын өсімдіктердің қаулап өсуіне алып келетін көрінеді. 

 Иттің өзінде ешқандай ауру болмаса да оның нәжісінде адамдар мен үй жануарларына зиянды бактериялар мен паразиттер болуы мүмкін. Ол бактериялар шыбын-шіркей арқылы, үй жануарлары арқылы адамға жұғады. Тіпті, дәрігерлер иттің нәжісінде домалақ құрттар, сальмонелла, ішек таяқшасы, лямблия, лептоспир, парвовирус, колиформдық бактериялар сияқты жұқпалы ағзалар болуы мүмкін екенін айтып, сақтандырады. Сонда қала ішіндегі шағын гүлбақтарды, кең аулаларды иттің дәретханасына айналдырған ит асырайтын тұрғындардың жауапсыздығы мен  немқұрайдылығын, кімге айтып, кімге шағымданамыз?!

Төлен ТІЛЕУБАЙ

Все новости