00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Астаналық полицейлер жүргізушілерге ескерту жасады

19.12.2023 | 04:30
110
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Полиция департаменті ауа райына және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты жол қозғалысының барлық қатысушыларына барынша мұқият болуға кеңес береді, деп хабарлады Elorda.info.

Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр ережелерін және бүйірлік аралықты қатаң сақтау қажет.

Көлік құралдарының жүргізушілері шұғыл маневрлер мен тежеулерді жасаудан бас тартуы қажет, бұл қалыптасқан ауа райы жағдайында көлік құралын бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін.

Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше мұқият болғаны дұрыс. Жүріс бөлігінен өту кезінде жақындап келе жатқан автокөліктің жоқтығына көз жеткізіп, гаджеттерден алшақтау керек.

Сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының санын айтарлықтай азайтуға көмектеседі. Жүргізушілерді мұқият болуға, көліктерді жол бойына қоймауға, қоғамдық көліктердің қозғалысына және қар тазалау техникасының жұмысына кедергі келтірмеуге шақырамыз, - делінген хабарламада.

Все новости