00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елордадағы тұрғын алаптар жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген

28.05.2024 | 12:12
Олжас Сүлейменов
123
Елордадағы тұрғын алаптар жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
Фото: дереккөз

Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Астана қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының орынбасары Берік Ахметов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазіргі уақытта елордада 16 тұрғын алап және 1 саяжай алқабы бар. Соның ішінде «Көктал-1», «Көктал-2», «Агроқалашық», «Үркер», «Тельман», «Пригородный», «Заречный», «Оңтүстік-Шығыс», «Интернациональный», «Теміржолшылар», «Промышленный» тұрғын алаптары, сондай-ақ «Қоянды» саяжай массивін қоса алғанда, 12 тұрғын алап жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген. 5 тұрғын алаптың, яғни «Өндіріс», «Казгородок», «Кирпичный», «Мичурино» және «Күйгенжар» тұрғын алаптарының үйлеріне сапалы интернет қосу 2024 жылдың үшінші тоқсанының соңында жоспарланған.

«Жалпы жоспар 12 000 жеке үйге қосылуды қамтиды. Бүгінгі таңда 7 593 абонент қосылған. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы 2,68 миллиард теңгені құрайды. Барлығы 665 шақырым оптикалық байланыс желілерін салу жоспарлануда», - деді ол.

Сарыарқа ауданы бойынша «Көктал-1», «Көктал-2» және «Агроқалашық» тұрғын алаптарына «Қазақ үй желілері» ЖШС инвестор болған.

«Көктал-1»-де 60 шақырымнан астам көше кабельдері тартылып, 740 абонент қосылған; «Көктал-2»-де 35 шақырымнан астам көше кабельдері тартылып, 138 абонент қосылған;

«Агроқалашық»-та 37 шақырымнан астам көше кабельдері тартылып, 320 абонент қосылған.

Есіл ауданы бойынша Тельман т/а инвесторы «Synergy Telecom» ЖШС 60 шақырымнан астам көше кабельдерін тартып, 310 абонентті қосқан;

«Заречный» және «Пригородный» тұрғын алаптарында «Қазақтелеком» АҚ-тан оптикалық интернет бар.

Нұра ауданы бойынша «Үркер» тұрғын алабына инвестор «Synergy Telecom» ЖШС 140 км көше кабельдерін тартып, 1 400 абонент қосылған.

Алматы ауданы бойынша «Оңтүстік-Шығыс» (оң жағы) тұрғын алабында 85 шақырымнан астам көше кабельдері тартылып, 754 абонент қосылды. Инвестор: «Қазақ үй желілері» ЖШС.

«Промышленный» тұрғын алабында 25 шақырымнан астам көше кабельдері тартылып, 435 абонент қосылған; Инвестор: «Қазақ үй желілері» ЖШС.

«Интернациональный» тұрғын алабында 70 км көше кабельдері тартылып, 490 абонент қосылған. Инвестор: «Synergy Telecom» ЖШС.

«Мичурино» және «Күйгенжар» тұрғын алаптарында қосылу 2024 жылдың қыркүйегінде жоспарланған. Инвестор: «Synergy Telecom» ЖШС.

Байқоңыр ауданы бойынша «Өндіріс», «Казгородок» және «Кирпичный» тұрғын алаптарында 2024 жылдың тамыз-қыркүйек айларында қосылу жоспарлануда. Инвестор: «Қазақ үй желілері» ЖШС.

«Қоянды» саяжай алқабында 20 км көше кабельдері тартылып, 20 абонент қосылған. Инвестор: «Твой новый телеком» ЖШС.

«Елорданың тұрғын алаптарында жоғары жылдамдықты интернетті қосу жобасы цифрлық технологияларға қолжетімділікті айтарлықтай жақсартатынына және азаматтарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз», - деді Берік Ахметов.

Все новости