00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Астанада «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХX еңбек маусымы ашылды

Астанада «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХX еңбек маусымы ашылды
Фото: автордан

Елордада «Студенттік құрылыс» және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХX еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты. 

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары бағдарламасы республиканың барлық өңірлерінде және Астана қаласы бойынша жүзеге асырыла бастады. Осы жиырма жылдын ішінде Астана қалалық «Жасыл ел» штабы қаламызда елеулі еңбектер атқарып, 14 және 35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар мен студенттерді жазғы еңбек маусымында жұмысқа орналастырып келеді.

Биылғы жылы аталған жобада  4200 астаналық жасты жұмыспен қамтамасыз етеміз деген мақсатымыз бар. “Жасыл ел” жобасына 14 жас пен 35 аралығындағы жастар келіп жұмыс жасай алады. 14 жасқа толған оқушы балалар өз мектептері маңында жұмыс істейді, одан бөлек жазғы мезгілде саябақтарда ағаштарға күтімдер жасайды, арамшөптерді тазалайды, экологиямыздың көркеюіне өз үлестерін қосады. Жобаға келген қатысушылар киімдермен және бір айлық мөлшердегі еңбекақымен қамтамасыз етіледі. 14 -16 жас аралығындағы балалар жас ерекшеліктеріне қарай аптасына 5 күннен, ал күніне 4 сағаттан көп емес жұмыспен қамтылады. Жобаға қатысуға ниет білдіргендер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан танысуға болады, - дейді “Жасыл ел” жобасы жетекшісінің орынбасары Бақытбек Әбдірашид. 

Сонымен бірге көп балалы отбасылар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылары балаларын  жазғы уақытта жұмысқа орналастыру көзделген және жобаға қатысатын барлық жастар арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмек.

Жоба туралы былтыр әкімшіліктің instagram каналынан біліп, жобаға қатысуға ниет білдірдім. Жұмыстың қиындығы жоқ әрі бос уақытыңды тиімді өткізуге қолайлы. Міне, биыл да “Жасыл ел” еңбек жасағы қатарына қосылып отырмын, - дейді мектеп оқушысы Абай Қабылбек. 

Айта кетейік, “Жасыл ел” жобасының биылғы ұраны - «Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі».

Все новости