Астанада жастар әдеби клубының алғашқы отырысы өтті
![](/img/watch-gray.png)
![Астанада жастар әдеби клубының алғашқы отырысы өтті](/img/articles/5f3b7f06a708bc10dcc59e8114684254.jpg)
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жастар әдеби клубының алғашқы басқосуы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Оған еліміздің әр аймағынан келген 18-35 жас аралығындағы жас қаламгерлер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, Президенттің арнайы әдеби сыйлығының лауреаттары, халықаралық, республикалық әдеби байқаулардың жеңімпаздары қатысты.
Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған жастар әдеби клубының мақсаты – қазақ әдебиетіндегі өзекті мәселелерді, жаңа әдеби тенденциялар мен шығармаларды талқылау, авторларды насихаттау.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда жалпы жастар тәрбиесі, оның ішінде кітапханаларды дамыту, жалпы кітап оқу мәселелерін қолға алуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Түптеп келгенде негізгі мақсат – ұлт руханиятын дамыту, сапалы ұрпақ өсіру. Өйткені, кітап оқитын бала рухани дүниесі бай азамат болып өсері анық. Бар өнердің түп негізі – әдебиет. Сондықтан жас қаламгерлерге ортақ алаң ұсынып, әдебиеттегі өзекті мәселелерді талқылау – заман талабы, - деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Отырыста клубтың күн тәртібі бекітіліп, басшылық құрамы жасақталды, алдағы жоспарлары айқындалды. Жиынға қатысушылар заманауи әдеби процесс пен аударма саласына, кітап шығару және баспа ісіне, балалар әдебиетін дамытуға қатысты өзекті мәселелерге қатысты ойларын ортаға салып, түрлі ұсыныстарын айтты.
Сондай-ақ әдеби агенттік, отандық авторлардың шығармаларын насихаттау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру төңірегінде бірқатар мәселелер көтерілді.
Жас қаламгерлерге қолдау көрсетуде бүгінгі басқосудың маңызы зор деп есептеймін. Жаңа әдеби клуб қазақ әдебиетінің даму көкжиегін кеңейтіп, ұлт руханиятының дамуына өз септігін тигезеді деп ойлаймын, - деді мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, сыншы-әдебиеттанушы Бағашар Тұрсынбайұлы.
Алдағы уақытта әдеби клубтың отырысы еліміздің өзге де аймақтарында көшпелі негізде ұйымдастырылады.
![Бүгін ауа райына байланысты отшашу ертерек басталуы мүмкін](/img/articles/d8b8a0d6b57054c5c62c7c3592e19856.jpeg)
![Астанада Елорда күніне арналған жаппай жарыс ұйымдастырылады](/img/articles/fcbea304564f13af0590d2cdaee611c3.jpeg)
![Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді](/img/articles/cb233e021ef2a246156d5648589fb7b5.jpeg)
![Туристік полиция елорда қонақтарына көмек көрсетті](/img/articles/a5829da00917af15999f51b196237ac2.jpg)
![Астанада Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды](/img/articles/103da4dc1da3eb3d6bdb6c2a879d8909.jpeg)
![Астана күнінде шеткі аймақтарда концерттер өтеді](/img/articles/7cdfcac3d956f787ea739ccb6d3e5894.jpeg)
![Елордалық спортшы Әділбек Мусин Париж Олимпиадасына жолдама алды](/img/articles/11b2dcc08b48e35b5aa399d3abe11c0f.jpeg)
![Астанада қазақстандық мәдениет апталығы салтанатты түрде ашылды](/img/articles/fc78401b71916ea268ddecc5889c766a.jpeg)
![Елордада тағы бір автобустың бағыты өзгереді](/img/articles/6b00c504a9ed395445ca4e72fbfba3c6.jpeg)
![Астанада «Тату көршілік қатынастардың жаңа кезеңі» атты форум өтті](/img/articles/1dc4f44b891a141ffb76cd0d400e8db4.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)