Астанадағы сорғы-сүзгі стансасының құрылысы қанша пайызға аяқталған
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/6a8c80ef_7bb8_45e0_8667_b65cb39ab7c6_c3b806b0f5.jpg)
Астаналық мәслихат депутаттары сорғы-сүзгі стансасының (ССС-3) құрылыс барысымен танысты, деп хабарлады Elorda.info.
Қалалық мәслихат депутаттарымен бірге Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай да стансаны аралады. Нысанды аралау барысында депутаттар өз ұсыныстарын айтып, құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. Бүгінгі таңда сорғы-сүзгі стансасының құрылысы 85%-ға аяқталған.
Елордада халық саны өскенімен, қалада бар болғаны екі су сорғы стансасы жұмыс істейді.
Астанада ауыз су тапшы. Қазір қолда бар құрылғылардың мүмкіндіктері елордалықтарды тіршілік нәрімен толық қамтамасыз етуге жетпейді. Сол себепті де «Астана су арнасы» су қысымын азайтып, амалдап отыр. Мамандар мәселе үшінші сорғы сүзгі стансасы қолданысқа берілгенде шешіледі деп сендіріп отыр. 2021 жылдан бері салынып жатқан нысан биыл жазда іске қосылуы тиіс. ССС-3 Алматы ауданында Интернационал тұрғын үй алабы маңында салынып жатыр.
Елордадағы екі сорғы-сүзгі стансасының қуаттылығы – тәулігіне 305 мың текше метр. Тапшылықты жою үшін тағы 30 мың текше метр су керек. Бұл станса тапшылықты жояды.
Салынып жатқан үшінші сорғы-сүзгі стансасының құрылысы тамызда толығымен аяқталады деп сендірді мәслихат депутаттарын стансаны салып жатқан мердігер компания өкілдері.
Бірінші кезең мамырдың аяғында немесе маусымның басында аяқталады.
Жаңа сорғы-сүзгі стансасы күніне қосымша 100 мың текше метр су беретін болады.
Үшінші ССС су көзін Вячеслав су қоймасынан алатын болады. Аталған су қоймасының мүмкіндігі таусылып жатыр. Сондықтан су құбыры Сәтбаев каналына дейін жүргізілуі мүмкін.
Мәслихат депутаттары стансаның құрылыс барысын бақылауда ұстап, мұнда жиі келіп тұратын болып келісті.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Астана су арнасы» МКК қалада су шектеп берілетінін хабарлаған болатын.
Аяулым АЛТЫНБЕК
![Бүгін ауа райына байланысты отшашу ертерек басталуы мүмкін](/img/articles/d8b8a0d6b57054c5c62c7c3592e19856.jpeg)
![Астанада Елорда күніне арналған жаппай жарыс ұйымдастырылады](/img/articles/fcbea304564f13af0590d2cdaee611c3.jpeg)
![Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді](/img/articles/cb233e021ef2a246156d5648589fb7b5.jpeg)
![Туристік полиция елорда қонақтарына көмек көрсетті](/img/articles/a5829da00917af15999f51b196237ac2.jpg)
![Астанада Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды](/img/articles/103da4dc1da3eb3d6bdb6c2a879d8909.jpeg)
![Астана күнінде шеткі аймақтарда концерттер өтеді](/img/articles/7cdfcac3d956f787ea739ccb6d3e5894.jpeg)
![Елордалық спортшы Әділбек Мусин Париж Олимпиадасына жолдама алды](/img/articles/11b2dcc08b48e35b5aa399d3abe11c0f.jpeg)
![Астанада қазақстандық мәдениет апталығы салтанатты түрде ашылды](/img/articles/fc78401b71916ea268ddecc5889c766a.jpeg)
![Елордада тағы бір автобустың бағыты өзгереді](/img/articles/6b00c504a9ed395445ca4e72fbfba3c6.jpeg)
![Астанада «Тату көршілік қатынастардың жаңа кезеңі» атты форум өтті](/img/articles/1dc4f44b891a141ffb76cd0d400e8db4.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)