00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының ашылу салтанаты өтті

05.05.2023 | 10:30
110
Фото: Amanat партиясынан алынды

Астанада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Amanat партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған дәстүрлі «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Ақтық кезеңнің басталғанын айшықтайтын салтанатты іс-шараға партия хатшысы Дәулет Кәрібек, Қорғаныс министрінің өкілдері, Парламент депутаттары және қарулы күштердің ардагерлері, танымал спорт жұлдыздары қатысты.

Жүрегінде отаншылдық рухы жалындаған жастардың жаңа буыны өсіп келе жатқанына бәріміз куәміз. Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан ары өркендету қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Дәстүрге айналып келе жатқан «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары – отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң. Былтыр іріктеу кезеңіне 1 700-ге жуық жас азамат қатысқан болса, биыл қатысушылар саны 3 000-нан асты, – деді Дәулет Кәрібек.

Сондай-ақ, партия хатшысы ақтық кезеңнің алдында жастардың жігерін жанып, олардың бар күш-жігерін салатынына сенім білдірді.

Жастар – егемен еліміздің болашағы. Сондықтан бүгінгі іс-шара бәріміз үшін маңызды. Әрқайсыңыз тәрбиелі, білімді, мәдениетті, намысты азамат болып өсіп келе жатқандарыңызға сенімдімін. Осы орайда, Amanat партиясына және бұл іс-шараның өтуіне атсалысқан азаматтардың бәріне алғысымды білдіремін, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов.

fa833d8b-7a76-4b28-b41e-bc408a14165b.jpg

Еліміздің түкпір-түкпірінен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жастар жиналды. Сіздер өз өңірлеріңізде қатардан қара үзіп, бүгінгі ақтық кезеңге жолдама алып келдіңіздер. Ал енді елорда төрінде жеңіске жету үшін осыған дейін жиған білім-біліктеріңізді, дара дағдыларыңызды, төзімдеріңізді танытасыздар деген ойдамын, – деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов.

Іс-шара барысында десанттық-шабуылдау әскерлері соғыстағы ұрыс барысын бейнелейтін көрініс қойды.

Мен үшін бәрің жеңімпазсыңдар. Ел қорғау – қасиетті борыш. Өздеріңдей өрендер елімізге қашан да қажет. Біз ақылды, сабырлы, санасы сергек, ойы ұшқыр жастарға қарап сүйсінеміз. Әрдайым қайсар, өжет, алғыр болыңдар, – деді Қарулы күштер ардагері, контр-адмирал Ратмир Комратов.

6148cee0-0525-4253-a25a-93d4eba58056.jpg

Все новости