00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Астаналық полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарды

15.05.2024 | 17:54
177
Астанада көпірден секірмек болған қыз құтқарылды
фото: polisia.kz

Астанада Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімі қызметкерлері патрульдік қызмет атқару кезінде жас қызды құтқарып қалды,  деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жас қыз Сарайшық көшесіндегі көпірден секірмек болған. Бұл туралы ақпарат радиостанция арқылы әскери жасақ бастығы, қатардағы жауынгер Нұржан Темірбаевқа берілді. Ол патрульші – ефрейтор Жүсіп Мұрат пен қатардағы жауынгер Шыңғыс Жуанышевты ертіп көрсетілген мекенжайға жедел жетті.

«Көпірден секірмек болған қызды көргенде, бірден қасына жеттік. Ол көпір қоршауының артында тұрып, «Мен өмір сүргім келмейді» деді. Сондай-ақ төменге қарай секіретінін айтып қорқытты», – деді жауынгер Нұржан Темірбаев.

Әскери қызметшілер осы сәтте қызды әңгімеге тартып, асығыс әрекетке бармауға шақырған. Жақын маңда жүрген адамдар де келіп, қызды райынан қайтаруға тырысты.

Орайы келген сәтте ұландық сарбаздар мен полиция қызметкерлері қызды қоршаудан алып шықты. Содан кейін оны сабырға шақырып, тыныштандырды.

Все новости