00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Астанада Қонаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер көпірі жабылады

04.04.2024 | 10:44
Елорда ақпарат
108
Астанада Қонаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер көпірі жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Қонаев көшесі арқылы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің жабылатыны туралы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Жаяу жүргіншілер көпірін реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты 5 сәуірден бастап бұл көпір бойынша жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс толығымен жабылады. Сондай-ақ демонтаждау жұмыстары кезеңінде Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол бөлігі жабылатын болады.

Маршруттардың қозғалыс сызбаларын өзгерту туралы «City Transportation Systems» ЖШС ресми сайтында (cts.gov.kz), Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде танысуға болады.

Қала инфрақұрылымын жаңарту жоспары елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген хабарламада.

Все новости