00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Астанада «Құдайберген Жұбанов тағылымы» атты дөңгелек үстел өтті

29.05.2024 | 16:48
Олжас Сүлейменов
142
Астанада «Құдайберген Жұбанов тағылымы» атты дөңгелек үстел өтті
Фото: дереккөз

Астанада қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін қалаушы, қоғам және мәдениет қайраткері, профессор Құдайберген Жұбановтың 125 жылдығына орай «Құдайберген Жұбанов тағылымы» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырған ғылыми жиында, қазақ тіл білімінің дүниеге келуі мен оның қалыптасуы барысында бар өмірін, күш-жігерін отандық ғылымға сарп еткен ірі ғалымның еңбектері талданып, біртуар тұлғаның өмірі туралы естеліктер айтылды.

Іс-шараның кіріспе сөзін сөйлеген «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы атқарушы директорының орынбасары Әділбек Қаба:

Тіл біліміне сіңірген өлшеусіз еңбегінен бөлек, ұлы ғалым ұлттық руханияттың қорғаны да бола білді. Қ.Жұбановтың сонау өткен ғасырдың 20-жылдардың ортасынан бастап, 30-жылдардың соңғы ширегіне дейін тындырып кеткен істері бұл күнде терең де өрісті ғылыми ойларға өзек, - деді.

Құдайберген Қуанұлының ұлттық өнер, мәдениет, тіл, ғылым, дін салаларын зерделеу арқылы қазақ халқының жалпы руханиятына қосқан үлесін баяндаған ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрбол Абдуллаұлы:

Құдайберген Жұбановтың тiкелей мамандығы тіл ғалымы болғандығына қарамастан, ол сондай-ақ ұлттық мәдениетiмiздiң, өнерiмiздiң үлкен жанашыры болды. Ол кісіні абайтану ғылымының бастауы болған тұлғалардың бірі деуге болады. Оған «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» деген аяқталмаған терең мазмұнды, орасан зор еңбегі дәлел, - деді өз баяндамасында.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында оффлайн және онлайн форматта өткен дөңгелек үстелге еліміздің әр өңірінен белгілі ғалымдар мен тіл мамандары ЖОО студенттері қатысты.

Все новости