00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Астанада инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

15.05.2024 | 14:53
224
Астанада инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Бүгін елордада ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беруді іске асыру мәселелері бойынша республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің №2 педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің ашылғанына 10 жыл толуына орайластырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Конференцияны Астана қаласының Білім  басқармасы мен Әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Тақырыбы «Инклюзивті және арнайы білім беру аспектілері: сабақтастық пен мүмкіндіктер» деп аталды.

Республикалық конференцияның мақсаты – өзекті мәселелерді талқылау және республика аймақтарында инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін шешу, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудың тәжірибесімен алмасу, білім беру ұйымдары мен мамандар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жаңа идеялар мен жобаларды дамыту.

Конференцияға Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті мамандары, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беру орталығы мамандары, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы және Балаларды ерте дамыту институты өкілдері, өңірлердің Білім басқармаларының мамандары, әдістемелік орталықтар (кабинеттер) әдіскерлері, жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер, БАҚ өкілдері,  қоғамдық ұйымдардан шақырылған қонақтар қатысты.

Сондай-ақ, іс-шара аясында Астана қаласы әкімдігінің №№1, 2 педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттері, №2 арнайы мектеп және №65 мектеп-гимназиясы педагогтері өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ

Все новости