00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Астанада екі қиылыстағы учаскелер жөндеу жұмысына байланысты жабылды

07.06.2023 | 13:00
86
Фото: ашық дереккөз

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Астана-Қарағанды тас жолы мен Қобда тұйық көшесінің қиылысында, сол сияқты Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысында жөндеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Астана әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД Әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.

Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысында оң жақ съездің жол төсеміне орташа жөндеу жүруіне жатқандықтан, 7 маусымда Айтматов көшесінен Ильинка елді мекені бағытындағы оң жақ съезі толығымен жабылды.

Сондай-ақ жөндеу жұмыстарына байланысты Астана-Қарағанды тас жолы мен Қобда тұйық көшесінің қиылысындағы қозғалыс та 7-9 маусым аралығында ішінара тоқтамақ.

Осыған орай елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс жағдайларын болдырмас үшін тиімді қозғалыс бағытын алдын ала қамдағаны дұрыс. 

Все новости